«Ақмола облысы білім басқармасының Аршалы ауданы бойынша білім  бәлімі Шортанды ауылының негізгі  орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Основная средняя школа села Шортанды отдела образования по Аршалынскому району управления образования Акмолинской области»

Әлеуметтік медиа

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Көрсетілетін қызметті жеткізушіні таңдау өлшемшарттары

бұйрығына  3- қосымша

 

 

 

 

 

Мемлекеттік орта білім беру ұйымдарында, мектептен тыс қосымша білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша қызметті немесе тауарларды жеткізушіні, сондай-ақ мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдарда, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында тәрбиеленетін және білім алатын балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етуге байланысты тауарларды жеткізушіні таңдау жөніндегі үлгілік конкурстық құжаттамаға 7-қосымша

 

 

Көрсетілетін қызметті жеткізушіні таңдау өлшемшарттары

 

Өлшемшарттар

Балдар

1.

Қызмет көрсету нарығында соңғы 5 жылдағы жұмыс тәжірибесі (5 балдан артық емес)

Жоқ (0 балл)

Мемлекеттік орта білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілерін тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша жұмыс тәжірибесі – әр 8 айға 1 балдан

Басқа қоғамдық тамақтану объектілерінде тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша жұмыс тәжірибесі – әр 12 айға 1 балдан

2.

Азпаз біліктілігі (қоғамдық тамақтандыру саласында) берілген арнайы орта білімі (2007 жылғы 27 шілдеге дейін білімі туралы құжатты алған жағдайда) немесе техникалық және кәсіптік, жоғары білімі бар аспаздың болуы (10 балдан аспайды)

Арнайы орта білім (білім туралы құжатын 2007 жылғы 27 шілдеге дейін алған жағдайда) немесе техникалық және кәсіптік білім 3 разряд (1 балл)

Арнайы орта білім (білім туралы құжатын 2007 жылғы 27 шілдеге дейін алған жағдайда) немесе техникалық және кәсіптік білім 4 разряд (2 балл)

Арнайы орта білім (білім туралы құжатын 2007 жылғы 27 шілдеге дейін алған жағдайда) немесе техникалық және кәсіптік білім 5 разряд және (немесе) жоғары білім (3 балл)

3.

Диетология саласында медициналық білімі мен біліктілігі және (немесе) диетология саласында біліктілігін арттырудан (қайта даярлаудан) өткен медициналық білімі бар диетологтың немесе диеталық бикенің болуы (1 балдан аспайды)

Жоқ (0 балл)

Бар (1 балл)

4.

Технолог біліктілігі берілген (қоғамдық тамақтану саласында) арнайы орта білімі  (білім туралы құжатын 2007 жылғы 27 шілдеге дейін алған жағдайда) немесе техникалық және кәсіптік, жоғары білімі бар өндіріс меңгерушісінің болуы (2 балдан аспайды)

Жоқ
(0 балл)

Бар (2 балл)

5.

Конкурс өткізілетін тиісті облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың аумағында әлеуетті өнім берушіні тіркеудің болуы

(2 балдан аспайды)

Жоқ

(0 балл)

Бар (2 балл)

           

     

         Ескертпе:

 

         – 1-тармақ бойынша ағымдағы жылдың алдындағы 5 жылдағы жұмыс тәжірибесінің болуы:

         орта мемлекеттік білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілерін тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша бұрын жасалған шарттардың көшірмелерімен, осы шарттардың орындаудың соңғы айы үшін көрсетілген қызметтер актілерімен және шот-фактуралармен, мемлекеттік заңды тұлғалардың асханаларын мүліктік жалдау (жалға беру) шарттарының көшірмелерімен расталады.

         Шартта (қосымша келісімде) көрсетілген жазғы каникул айларында (маусым-тамыз айлары) қызметтер ұсынылған жағдайда, осы айлар үшін көрсетілген қызметтер актілері мен шот-фактуралар қосымша ұсынылады;

         басқа қоғамдық тамақтану объектілерінде тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша:

         көрсетілетін қызметті ұсыну кезінде – бұрын жасалған шарттардың көшірмелерімен, осы шарттардың орындалуының соңғы айы үшін көрсетілген қызметтер актілерімен және шот-фактуралармен, объектінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының көшірмелерімен;

         басқа қоғамдық тамақтану объектілерінде тамақтандыруды ұйымдастыру – объектінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыны қоса бере отырып, қоғамдық тамақтану объектісіне құқық белгілейтін құжаттардың көшірмелерімен (жекеменшік, (меншік құқығын растайтын құжаттар қоса берілсін), жалдау, өтеусіз пайдалану, сенімгерлік басқару және т.б. (жалға берушінің меншік құқығын растайтын құжаттар және т.б. қосымша қоса берілсін)  расталады.

         Бұл ретте бір мезгілде бірнеше орта білім беру ұйымдарында және (немесе) қоғамдық тамақтандыру саласында қызмет көрсету кезінде деректер жинақталмайды. Бір кезең ішінде орта білім беру ұйымында және қоғамдық тамақтандыру саласында бір мезгілде қызмет көрсеткені туралы растаушы құжаттар ұсынылған жағдайда орта білім беру ұйымдарындағы жұмыс тәжірибесі ескеріледі. Орта білім беру ұйымындағы және қоғамдық тамақтандыру саласындағы жұмыс тәжірибесін жинақтауға жол берілмейді.

         – 2, 3, 4-тармақтар бойынша әлеуетті өнім беруші өтінім берген сәтте ҚР Еңбек кодексіне сәйкес қызметкерлердің еңбек қызметін, «Білім туралы» ҚР Заңына сәйкес кәсіптік білімі туралы құжаттарды, разрядын растайтын, сондай-ақ маманның жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмелерін ұсынған кезде тиісті балдар қойылады. Құжаттар құжаттардың түпнұсқаларынан (телнұсқаларынан) электрондық көшірмелер түрінде ұсынылады.

         Аспаз біліктілігі бар білімі болған жағдайда аспаздың біліктілігін (разрядын) арттыру уәкілетті орган белгілеген үлгідегі электрондық көшірмесі құжатпен расталады.

         Медициналық білімі болған жағдайда, диетология саласында біліктілігін арттыру немесе қайта даярлау уәкілетті орган белгілеген үлгідегі құжаттың электрондық көшірмесімен расталады.

         – 5-тармақ бойынша конкурс өткізілетін тиісті облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың аумағында қызметін растайтын өткен жылдың алдынғы кезеңі үшін салық есептілігі ұсынылған жағдайда тиісті балл қойылады.

         Бір қызметкер бірнеше лауазымдарды қоса атқарған жағдайда балдар өлшемшарттардың біреуі бойынша ғана қойылады.

         Әлеуетті өнім беруші жеңімпаз деп жарияланған және (немесе) шартқа сәйкес ағымдағы конкурсты өткізу кезеңінде қызмет көрсететін және (немесе) басқа ұйымда қызметін жүзеге асыратын бұрын өткізілген конкурстарда әлеуетті өнім беруші ұсынған аспаздардың болуы туралы мәліметтерді ұсынған кезде конкурстық комиссия балл қоймайды. Қызметкерлер туралы мәліметтерді тексеруді конкурсты ұйымдастырушы мемлекеттік сатып алу веб-порталында жүзеге асырады.

 

Жаңартылған күні: 14.09.2022 22:57
Құрылған күні: 14.09.2022 22:57

Текст